Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ –  БАСТЫ НАЗАРДА
ашық дереккөз
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Қысқы мезгілде үйді немесе ғимаратты жылыту кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтанбаса, соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін. Өйткені газ немесе қатты отын жағу барысындағы салғырттық өрт немесе улану қаупін күшейте түседі. Жуырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Жомарт Садирмековтің қатысуымен жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті. «Қатты және сұйық отынмен жанатын пештерде, жылыту жүйелерінде жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында өткен брифингте Жомарт Сағатбекұлы өрттің алдын алу және адамдардың улы газбен уланудан қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында халықпен тұрақты түрде өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Жалпы жылыту маусымы басталғаннан бері облыстың тұрғын үй секторында 62 өрт оқиғасы тіркеліпті. Бұл өткен жылыту кезеңіне қарағанда 71 пайызға көп екен. Сондай-ақ өрттен жарақат алғандардың саны 2 дерекке артқан. Өрттен қаза тапқандар жоқ. Ал улы газдан уланудан 1 адам қайтыс болып, 1 адам жарақат алған. – Бүгінде облыстың энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік саласындағы барлық объектілер жылыту маусымына мұқият дайындалған. Жылумен жабдықтау кәсіпорындары белгіленген температуралық режимдер шегінде ауытқусыз жұмыс істейді. Жыл басынан бері облыс аумағында 652 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тауып, 9 адам жарақат алды. Өрттен болған материалдық шығын 101 миллион 706 мың теңгені құрады. Сондай-ақ жыл басынан бері улы газдан уланудың 6 жағдайы тіркеліп, 2 адам қайтыс болып, 5 адам жарақат алған. Халықтың өртке қарсы мәдениетін арттыру және тұрғын үй секторындағы өрт жағдайын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Биыл профилактикалық шаралармен 315 мың жеке тұрғын үй қамтылды. 609 мыңнан астам азаматқа нұсқау беріліп, тұрғындармен (көпқабатты тұрғын үйлерде) 3 мың жиын ұйымдастырылды. Сонымен қатар жауапты мамандармен бірлесіп халықтың тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған топтары арасында 12 мыңнан астам адамды қамти отырып 2 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын 6 288 тұрғын үй есепке алынды. Бүгінгі таңда аталған үйлер профилактикалық жұмыстармен толық қамтылды, – деген Жомарт Сағатбекұлы профилактикалық тексеру барысында 1 693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 981 бұзушылығы анықталғанын мәлімдеді. Спикердің айтуынша қазіргі таңда 1 164 өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша бұзушылықтар жойылған. Сондай-ақ Жомарт Сағатбекұлы газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйлерге датчик орнату жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. Соңғы 2 жылда жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 2 394 улы газ бен табиғи газ датчиктері орнатылған.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар