Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ

АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ
ашық дереккөз
АЛЫСТАҒЫ АУЫЛДАР ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛДЫ
Бүгінде облыс бойынша 11 елді мекенді мобильді интернетпен қамту мәнді мәселеге айналып отыр. Олардың қатарында Шу ауданындағы Алайғыр, Құлақшы, Сарысу ауданындағы Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл, үлкен Көкдала, кіші Көкдала, Ақтам, Шағалалы, Меркі ауданындағы Құмарық, Мойынқұм ауданындағы Ұланбел ауылдары бар. Қазіргі таңда «Beeline» байланыс операторы Меркі ауданындағы Құмарық ауылында ұялы байланыс қызметін іске қосты. Ал «Транстелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін орната отырып, Шу ауданындағы Алайғыр және Құлақшы ауылдарын, сондай-ақ Сарысу ауданындағы Үлкен Көкдала ауылының 10, кіші Көкдала ауылындағы 3 және Шағалалы ауылындағы 30 үйді жоғары жылдамдықты интернетпен (10 мбит/сек) қамтамасыз етті. Сонымен қатар Шағалалы ауылына «Kcell» және «Beeline» байланыс операторлары жыл соңына дейін жаңа базалық станция орнатады. Нәтижесінде биыл жыл соңына дейін 11 елді мекеннің алтауы мобильді байланыс және интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Облыстық жобалық басқару және цифрландыру орталығы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар