Енді бізге тек жұмыс істеу керек - Қошанов
Бұл туралы Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп жазады Arainfo.kz тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.
Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс Президент сайлауындағы дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады. Біздің кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа сайлаушылардың 81,3 пайызы дауыс берді. Бұл Exit poll деректеріне толығымен сәйкес келеді. Барша қазақстандықты Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді жеңісімен құттықтаймын!, - деді спикер.Қошановтың айтуынша, мұндай жоғары нәтиже Президенттің Әділетті де қуатты Қазақстанды құру бағытының еліміздің барша азаматының басын біріктіріп, қоғам үмітін толық ақтағанын көрсетеді.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелері барлық өңір халқымен кездесті. 3 миллион сайлаушыны қамтыған 24 мыңнан астам үгіт-насихат шарасы өткізілді. Барлық салада қазақстандықтардың Қасым-Жомарт Тоқаевты пен оның реформалар бағытын белсенді түрде қолдайтыны байқалды. Көпшілік оның халықаралық деңгейдегі сарабдал саясаты мен қаңтар оқиғасы кезіндегі батыл әрекеттерін атап өтті.
Азаматтардың белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Халықтың нақты өзгерістер күтетіні және оған өздері әсер етуге ниетті екендері сезіліп тұрды. Тұрғындар сауалының басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Ол көптеген өзекті әлеуметтік мәселені шешеді және ондағы әрбір шара нақты есептеліп, қаржылай қамтамасыз етілген, - деді Қошанов.Оның атап өтуінше, бағдарламаның арқасында біз алдағы 7 жылда ел қалай дамиды, халықтың тұрмысы қалай жақсарады деген қоғамның басты сұрағына жауап бере алдық.
2022 жылдың 20 қарашасында Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең басталды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен біз алға қойған барлық мақсатқа бірге жететінімізге сенімдімін! Қазақстан халқы өз таңдауын жасады! Енді бізге тек жұмыс істеу керек!, - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы.
Келесі мақала