Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда қатты дауыл салдарынан үйлер жарықсыз қалды

Таразда қатты дауыл салдарынан үйлер жарықсыз қалды
ашық дереккөз
Таразда қатты дауыл салдарынан үйлер жарықсыз қалды

Таразда дауыл соғып, айналаны астан-кестен етті. Синоптиктер соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жеткенін айтады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

2022 жылы 14-15 қарашада қала әкімшілігіне Төле би даңғылындағы №116 және Менделев көшесіндегі №13 үй тұрғындары тарапынан өтініштер келіп түскен. Жел аталған үйлердің шатырын жұлып кеткен. Білім беру және денсаулық сақтау нысандары шатырының бүліну фактісі тіркелмеді.
Қазіргі уақытта дауылдың салдарынан "Шаңырақ" ауданындағы электр тарату пунктінен 920-шы трансформатор торабына жүргізілген электр желісі автоматты түрде істен шығып, 28 үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ, 15-ші ықшам ауданда (19 учаске) төрт көпқабатты тұрғын үйдің жарығы да апатты жағдайға байланысты автоматты түрде сөндірілді, - дейді Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар