Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ»: Ашық аспан астында Абай күні аталып өтті

«ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ»: Ашық аспан астында Абай күні аталып өтті
ашық дереккөз
«ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ»: Ашық аспан астында Абай күні аталып өтті
«Анаға тағзым» орталығы мен Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі 10 тамыз – Абай күніне орай Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақта «Желсіз түнде жарық ай» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Тамыздың тамылжыған кешінде саябақта көпшілікпен бірге өткізілген әдеби-сазды шараның ауқымы кең болды. Қазақтың бас ақыны, ұлы, дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасы насихатталды.  Кешке облыстың ақын-жазушылары мен зиялы қауым өкілдері шақырылды. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил шаһар тұрғындары мен қонақтарын Абай күнімен құттықтап, атаулы күннің мәні мен маңызына тоқталды. «Қазақстанның 100 үздік студенті» байқауының жеңімпазы, әнші Айсұлу Тұрымбек «Желсіз түнде жарық ай» әнін жанды дауыста шырқаса, «Қазақстанның 100 үздік оқушысы» байқауының жеңімпазы Айханым Қайратқызы ақынның бірнеше өлеңін жатқа оқыды. «Sweaty art» тобының орындауындағы «Сүюдің сырын көзден көрме, көңілден ізде» атты лирикалық-поэтикалық композициясы көпшілікті үйіріп әкетті. «Асыл ана» әжелер ансамблі Абай әндерінен попурри шырқаса, жас өнерпаз М ерей Әбуева жетіген аспабымен орындаған Абайдың тағы бір әні «құлақтан кіріп, бойды алды». «Әдеби жігіттер» тобы да жырдан шашу шашып, ақын Марал Хантөреқызы «Ұлы ақынға» атты арнау өлеңін тебіреніспен оқыды. Сондай-ақ жастардың Абай өмірі мен шығармашылығымен қаншалықты таныс екенін анықтау мақсатында «Абай-дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында ойын ойнатылды. Ойынды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы төрайымының орынбасары Салтанат Жұмабекқызы жүргізіп, көпшілікке викториналық сұрақтар жолдады. Сауалдарға дұрыс жауап беріп, белсенділік танытқан қатысушыл арға арнайы сыйл ықтар үлестірілді. Байқағанымыз, өскелең ұрпақ Абайдың өмірі мен шығармашылығымен жіті таныс. Өйткені жеткіншектер бірінен кейін бірі суырылып шығып, жауап беруге ұмтылды. Өлеңдерін тебірене оқып, аға буынды дән риза етті. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешова ұйымдастырушылар мен іс-шараға белсене қатысушыларға алғысын білдіріп, кешті құттықтау сөзімен қорытындылады.

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, «Анаға тағзым» орталығының «Інжу-маржан» әдеби үйірмесінің жетекшісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар