Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бала тәрбиесі басты назарда

Бала тәрбиесі басты назарда
ашық дереккөз
Бала тәрбиесі басты назарда
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Салауатты келешек: оқушылардың денсаулығын нығайтудың негізгі бағыттары» атты облыстық форум өтті. Форумға облыстық прокуратураның, облыстық полиция департаментінің, облыстық денсаулық сақтау, білім басқармасының, білім беру ұйымдары мен аудандық, Тараз қалалық бiлiм бөлімдерінің басшылары, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілері, республикалық психикалық денсаулық саласының мамандары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, суицидологтар, психологтар мен әлеуметтік педагогтар, әдіскерлер, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты. Аталған форумның мақсаты – қазіргі заман отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінің ерекшеліктерін жан-жақты талқылау, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, бала денсаулығын нығайту, отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын арттыру. – Жас ұрпақ біздің өміріміздің тікелей жалғасы ғана емес, олар еліміздің тірегі және жарқын болашағы. Қазіргідей аумалы-төкпелі заманда бала тәрбиесін ақсатып алмау ата-ана үшін де, қоғам үшін де өзекті мәселелердің бірі. «Осы бір күрделі кезеңде балаларымыздың ертеңі үшін олардың бойына ұлттық тәрбиені қалай сіңіреміз, қайткенде қоғамға кемел ұрпақ тәрбиелеп бере аламыз?» деген сұрақтардың төңірегінде бүгінгі форумға жиналып отырмыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев. Іс-шара барысында оқушылардың денсаулығы мен тамақтануына бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, бала тәрбиесіндегі ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізудің жолдары, балалар мен жасөспірімдердің ментальді денсаулығы, тәуелділіктің биопсихоәлеуметтік моделі, кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез-құлқын алдын алу, психотикалық бұзушылықтардың алдын алу, рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұлттық тәрбие беру туралы тұжырымды пікірлер ортаға салынып, талқыланды. – Ұрпақ тәрбиесі – ешқашан салғырт қарауды көтермейтін, аса бір күрделі де маңызды іс. Бала бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтар отбасында, мектепте қалыптасады. Отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыратын домбыраның қос ішегіндей. Екіжақты байланыс нығайғанда ғана барлық мәселелер түйіні шешіледі. Балаға айналасындағы әке мен ана және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынасы, көңіл күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбексүйгіштігі, ізденістері өнеге, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов. Форум барысында «Оқушылардың денсаулығын нығайтудың негізгі бағыттары» атты көрме қойылып, отбасы құндылықтары туралы бейнероликтер мен фотосуреттер презентациясы көрсетілді. Іс-шара соңында форумның үндеуі жарияланды.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар