Жаңалықтар
Бір айда Ресей азаматтарымен 500-ге жуық отандасымыз неке қидырды
- author AR-AY
- 15 қараша, 2022
- 140
Бір айда Ресей азаматтарымен 500-ге жуық отандасымыз неке қидырды
Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті қыркүйек пен қазан айларының аралығында 500-ге жуық отандасымыздың Ресей азаматтарымен неке қидырғанын хабарлады.
«2022 жылғы қыркүйек пен қазан айларының аралығында Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтары арасында 485 неке қиылған», – делінген хабарламада.
Хабарламада бұл деректердің былтырғы жылғы мәліметпен салыстырғанда көп айырмашылығы жоқ екені айтылды. 2021 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтардың ресейліктермен 494 некесі қиылған.
Биыл ең көп неке Алматыда тіркелген. Алматыда 94 (2021 жылы – 75) адам үйленді. Астанада 51 (2021 жылы – 46) адам шаңырақ құрса, Қарағанды облысында 45 (2021 жылы – 49) отандасымыз Ресей азаматымен неке қидырды.
Некеге тұрған адамдардың орташа жасы ерлерде 26-29 жас, әйелдерде 23 – 28 жас.