Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ

ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
ашық дереккөз
ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
Жастар – қай кезеңде болмасын қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Сол себепті жастардың сапалы білім алып, ұлттық мәдениетімізді бойына сіңірген тәрбиелі әрі жан-жақты тұлға болып қалыптасуы үшін күш салуымыз керек. Өйткені ол келешегіміздің жарқын болуы үшін жасалған бүгінгі қадам болмақ.  Қазіргі таңда облысымыздағы жастардың жалпы саны 258 мыңды құрайды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, олардың мәдени-рухани сұранысын қанағаттандыру мақсатында мәдениет және өнер мекемелерінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері облыс бойынша ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған 250-ге жуық іс-шара ұйымдастырылса, оның барлығы да жастардың қатысуымен өтті. Олардың қатарында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туған күні мен «Аq jol» газетінің 100 жылдығына орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысы, наурыз, мамыр айларындағы айтулы мерекелер, «Жазушымен бір күн» желілік акциясы, Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Біздің өлкенің мақтаныштары» атты еске алу кеші, «Кітап – ғажайып әлем!» фестивалі, «Музей түні» акциясы және тағы да басқа ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Ерекше атап өтерлік бастама – өңірдегі жас таланттарды іздестіру, оларға қолдау көрсету, дарынды жастардың орындаушылық шеберл ігінің шыңдал ып, танылуына мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылған «Жаңа есім-2022» жобасы. 2016 жылы бастау алып, биыл үшінші мәрте өткізілген жобаға өңірдің 14 пен 25 жас аралығындағы 400-ге жуық талантты жас «Вокал», «Дәстүрлі ән» және «Аспапта орындау» номинациялары бойынша аудандық, қалалық іріктеу кезеңіне қатысып, бақтарын сынады. Жалынды жастарды қолдау жөніндегі іс-шаралар мұнымен шектелмейді. Ағымдағы жылы облыс әкімдігінің қолдауымен «Баласағұн» орталық концерт залында «Smart» өнер мектебі, «Қарақат» мектеп студиясы, «Олжа», «Шабыт» шығармашылық үйірмелері мен «М-арт», «Ерке», «Ару наз» би студияларының есептік концерттері өтті. Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театры мен орыс театрларында Халықаралық балаларды қорғау күні мен Балалар жылына орай «Ғажайып ертегілер еліне саяхат» тақырыбында апталық бастау алып, балаларға арналған «Айболит пен қарақшы», «День рождения кота Леопольда» ертегілері сахналанды. Қойылымды көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі, «Мейірім» емханасы, «Zhanuya», Ақыл-ойы кем балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығының қамқорлығындағы балалар тамашалады. К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында Балалар жылына орай қазақ оркестрінің «Атадан мұра», жергілікті композиторлар мен ақындардың шығармаларын насихаттауға арналған «Жамбылым қандай тамаша!», Қазақстанның Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы аясында «Ел еркесі – Роза!», «Алатау» фольклорлық ансамблінің «Алатау әуендері» тақырыбындағы танымдық концерттері маусым айында өтті. Концерттерді тамашалауға Тараз қаласының 10 мектебінің оқушылары мен Жамбыл политехник алық жоғары колледжінің студент жастары қатысты. Жалпы жыл басынан бері облыстағы қос драма театр жастарға арналған 168 қойылым сахналап, 25433 көрерменді, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармония балаларға арналған 111 концерт ұйымдастырып, 20389 көрерменді қамтыды. Сәуір айында Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Ұлттық рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті дамыту міндеттемесі бойынша мектептің 9-10-сынып оқушылары арасында облыстық «Өлкеңді таны» танымдық ойынын ұйымдастырды. Аталмыш байқау екі кезең бойынша өтті. Байқауға қатысуға жалпы 30 мектеп оқушысы өтінім беріп, оның 8-і финалға өтті. Олардың арасында Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Талас аудандарының және Тараз қал асының оқушылары бар. Облыстық кино орталығы маусым, шілде айларында балаларға арналған «Кино-демалыс» акциясын іск е асырды. Жоба аясында жастар кино орталығының кинозалында балаларға арналған көркем, анимациялық фильмдерді тегін тамашалады. Театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Серке Қожамқұлов: «Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес» дегендей өңірдегі жастардың кітапханаға жиі бас сұғып, білімін арттыру үшін қажетті қызметтер қарастырылып, жастардың қатысуымен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ісі жүйелі жүргізілуде. Мәселен, Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «қиын» балалардың жеке дамуына арналған кітапханалық бағдарламасы және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатында «Біз бәріміз біргеміз!» жобасы жұмыс істейді. Сондай-ақ аталмыш кітапхананың ұйымдастыруымен жас ұрпақты тәрбиелеуде батыр аталардың ерлігін дәріптей отырып, олардың жарқын бейнесін ұрпаққа насихаттау, патриоттыққа тәрбиел еу мақсатында соғыс және тыл ардагерлері туралы «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте!» атты жас зерттеушілер арасында облыстық байқау ұйымдастырды. Байқауға облысымыздың тоғыз ауданынан 14-17 жас аралығындағы жас зерттеушілер туған өңірінен шыққан, ел дамуына үлес қосқан соғыс және тыл ардагерлері туралы зерттеу жүргізіп, майдангердің өмірбаяны, шығармашылығы, жеткен жетістіктері туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы балалардың шығармашылығын дамыту, демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларына «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты үш күндік жазғы лагерь, «Ерекше бала – дарынды дана» атты тактильді кітаптар фестивалін ұйымдастырды. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жазушымен бір күн» акциясы аясында «Алаштың бір азаматы – Арғынбай» атты еске алу кешін, Шырын Мамасерікованың «Тәуелсіздік тартулары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі мен «Аq jol»: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысын ұйымдастырды. Аталған іс-шараларға зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты. Облыстағы мәдениет және өнер мекемелеріне балалар мен жасөспірімдердің, жастардың келуіне және рухани азық алуына толық жағдай жасалып, мәдени іс-шараларға қатысуына, театр қойылымдары, кино, концерттерге кіруіне байланысты жеңілдіктер қарастырылған. Әлеуметтік аз қамтылған, ата-анасы жоқ жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін қызмет көрсету жолға қойылған. Ал тұрмысы төмен отбасылардың балалары мен жасөспірімдерге облыс көлеміндегі 197 мәдениет үйі мен клубтар тарапынан ұйымдастырылатын түрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға және әртүрлі жанрдағы үйірмелерге тегін қатысуға жағдай жасалған. Дәл осындай іс-шараларға жастарды тартып, олармен байланыс орнату бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Ерлан ЖҮНІСБАЙ, облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар