ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ҚР ПРезиденттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабы ТМД Парламентаралық
Ассамблеясының өкілдерімен онлайн форматта жиын өткізді.
«Ауыл» РҚШ-ның қызметкерлерімен кездесу барысында ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет Ассамблеядан 60 бақылаушы ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат науқанының барысын бақылап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ТМД ПАА Халықаралық демократияны
дамыту мониторингі институтының сарапшылары үгіт-насихат науқанының өтуі, проблемалық мәселелердің болуы туралы сұрады.
«Ауыл» ХДПП - на ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков өз сөзінде бүгінде еліміздің 166 ауылдық елді мекенінде және 88 қалада, оның ішінде
республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыс орталығында үгіт-насихат науқаны белсенді жүргізіліп жатқандығына тоқталды.
Кездесу соңында Иван Мушкет кандидаттың штабымен сайлау күні қарсаңында кездесуге ниет білдіріп, алдағы саяси додада сәттілік тіледі.
Келесі мақала
МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА БАРДЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




