Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҚАРАҚАТ АБДЕН СЫР ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚАРАҚАТ АБДЕН СЫР ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ашық дереккөз
ҚАРАҚАТ АБДЕН СЫР ӨҢІРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Абден Қызылорда облысында сайлауалды кездесулерін өткізді. Ол жақын және шалғай жатқан елді мекендердің жағдайымен танысып, Арал қаласына ат басын бұрды. Бұл туралы деректерді аталған кандидаттың сайлауалды штабы хабарлады. Қ.Абден облыстағы үлкен аймақтардың бірі саналатын Арал қаласында жергілікті халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кандидат осы өңірде ұлттық және отбасылық құндылықтарды негізге ала отырып, кәсібін дөңгелетіп отырған отбасылық бизнес өкілдерімен де жүздесті. Аралда қозғалған маңызды тақырыптар Қызылорда қаласындағы кездесуде жалғасын тапты. Жиын барысында қоғамдағы өзекті мәселелер, өскелең ұрпақ пен жастар тәрбиесі, отбасы институтының мәні талқыланды. Айта кетейік, үміткер Қарақат Абден ел аймақтарын аралап, 13 қала мен бірнеше ауылдық елді мекенде 20-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесуді жоспарлап отыр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар