ОСК 134 шетелдік байқаушыны аккредиттеді
Бүгін ҚР Орталық салау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 134 халықаралық байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Отырыста осы мәселе бойынша сөз сөйлеген ОСК хатшысы Мұхтар Ерманның дерегінше, 2022 жылғы 22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 6 халықаралық ұйым мен 8 шет мемлекеттен 139 байқаушы аккредитациядан өткен.
«2022 жылғы 1-7 қараша аралығында Орталық сайлау комисссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 14 шет мемлекеттен 134 байқаушыны аккредитациядан өткізу үшін ұсыныс түсті. 4 халықаралық ұйымнан 110 байқаушы аккредитациядан өткізуге ұсынылды. Олардың ішінде, ТМД-дан - 55, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан - 34, ШЫҰ байқаушылар миссиясынан - 19, Түркі мемлекеттері ұйымынан 2 байқаушы бар. 14 шет мемлекеттен аккредитациядан өткізу үшін 24 кандидатура ұсынылып отыр. Атап айтсақ, Ирак, Италия, Латвия, Өзбекстан Сербия, Финляндия Ұлыбританиядан - 2 байқаушыдан, Армения, Қырғызстан, Литва, Польша, Тайланд және Мажарстаннан 1 байқаушыдан, Ресей Федерациясынан - 4 байқаушы», - деді Мұхтар Ерман.
Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулы жобасын қабылдады. Сонымен 2022 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден аккредиттелген байқаушылар саны 271 адамға жетті.
Келесі мақала