Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Алматылық әйел 80 мың долларға жуық ақшасын интернет-алаяқтарға аударып жіберген

Алматылық әйел 80 мың долларға жуық ақшасын интернет-алаяқтарға аударып жіберген
ашық дереккөз
Алматылық әйел 80 мың долларға жуық ақшасын интернет-алаяқтарға аударып жіберген
Алматылық әйел 80 мың АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, 55 жастағы әйел бір апта интернет-алаяқтардың талабын орындап келген. Ол олардың өзінің жинаған ақшасын қорғауға тырысып жатқанына сенімді болған.
"Қаскөйлер 21 қазанда ұялы телефон арқылы жәбірленушіге қоңырау шалған. Олардың бірі өзін банк қызметкерімін, екіншісі полицеймін деп таныстырып, оның шотына белгісіз біреулер шабуыл жасағанын айтып, ақшаны одан әрі "қауіпсіз шотқа" салу үшін "банк маманына" тапсырып, сақтауды ұсынған. Содан кейін әйел адам, бейтаныс адамға 74 707 АҚШ доллар мен 1,3 миллион теңге берген. Келесі күні әйелге тағы да "банк қызметкерлері" телефон соғып, 2 миллион теңге көлемінде несие алуға көндірген. Әйел қаскөйлердің бұл талабын да орындаған. Тек 1 қарашада ғана алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу-жедел тобы құрылды.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде үш адам анықталып, ұсталды. Олар 24, 26, 27 жастағы РФ азаматтары. Күдіктілердің жалға алған кеңсесінде 20 ұялы телефон нөмірі және әртүрлі екінші деңгейлі банктерде ашылған 52 банк картасы табылып, тәркіленді. Жауап алу кезінде ұсталған адамдар қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен, криптовалютаға айырбастаумен айналысатындарын, бұл істен өз пайдасын алатындарын мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстың басқа да сыбайластары, басқа да ықтимал эпизодтарды анықтау бойынша жедел және арнайы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды", - деді Өтебаев.
Сонымен қатар, Алматы қаласының прокуратурасы осыған ұқсас эпизодтарды болдырмау үшін азаматтарды сақтық пен қырағылыққа шақырады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар