Жаңалықтар
Самұрық-Қазынаның ірі активтері жақын уақытта ашық компанияларға айналады - Президент
- author AR-AY
- 4 қараша, 2022
- 165

Самұрық-Қазынаның ірі активтері жақын уақытта ашық компанияларға айналады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен дәстүрлі кездесуінде оларды «Самұрық-Қазына» қорымен белсенді іс-әрекет жасауға шақырды, деп хабарлайды Arainfo Ақордаға сілтеме жасап.
Президент шетелдік миссия басшыларын 70 миллиард доллар көлемінде активі бар әлемнің 30 ірі тәуелсіз қорының қатарына кіретін «Самұрық-Қазына» қорымен өзара белсенді іс-әрекет жасауға шақырды.
«
Қазіргі уақытта Қор ашықтық пен тиімділікті арттыру үшін кешенді түрде трансформацияланып жатыр. Осы ретте Қордың портфельдік компанияларын жекешелендіру – негізгі бастамалардың бірі. Ұлттық мұнай компаниясы, әуекомпаниясы және теміржол компаниясы сияқты Қордың ірі активтері жақын уақытта ашық компанияларға айналады. Мұнай саласындағы жетекші «ҚазМұнайГаз» компаниясы биыл күзде Қазақстанда IPO өткізеді», - деді Президент.