Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әділет министрі «Тұңғыш президент туралы заңның» неге күші жойылмағанын түсіндірді

Әділет министрі «Тұңғыш президент туралы заңның» неге күші жойылмағанын түсіндірді
ашық дереккөз
Әділет министрі «Тұңғыш президент туралы заңның» неге күші жойылмағанын түсіндірді
Әділет министрі Қанат Мусин «ҚР Тұңғыш президенті туралы заңның» неге күші жойылмағанын түсіндірді, деп хабарладыAraindi тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. «Тұңғыш президенттің мәртебесі туралы заңға тоқталайын. Конституциядан «Елбасыға» қатысты барлық норма алынып тасталғаны белгілі. Бірақ мұнда мәселе бар. Тұңғыш президент туралы және оған сілтеме жасайтын нормалар басқа заңдарда да бар. Ол оннан асады. Сондықтан бұл жұмыс біраз уақытты талап етеді, яғни талдау жүргізіп, шешім қабылдау керек. Уақыт өте ол орындалады», - деді Қанат Мусин Сенаттың жалпы отырысынан соң. Министрдің айтуынша, жұмысты профильді мемлекеттік органдар жүргізеді. Заң Мәжіліске жіберілмеген. «Заңнамаға өзгерістер енгізу және оның күшін жою үшін заңға талдау жүргізу керек. Заң жобасы заң жобалау жұмыстары тұрғысынан болуы қажет. Қазір жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Мәжіліске мұндай заң жобасы жіберілген жоқ. Конституцияға өзгерістер енгізілгендіктен басқа заңдар, оның ішінде Тұңғыш президент туралы заң да сәйкес келуі керек», - деп түйіндеді сөзін министр.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар