Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Book Dating-кітаппен әлемді таны»

«Book Dating-кітаппен әлемді таны»
ашық дереккөз
«Book Dating-кітаппен әлемді таны»
Қоғам қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына және 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай «Анаға тағзым» орталығында «Book Dating-кітаппен әлемді таны» жобасына арналған мерекелік кеш өтті. Кешке оқушылар мен кітапхана қызметкерлері келіп қатысты. Арнайы кездесуге шақырылған қонақтардың ішінде Тараз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали мен Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің педагог-психологы Базаргүл Айтбаева және газетіміздің тілшісі Шапағат Әбдір болды. – Балалардың тұлға ретінде дамуына, ойлау қабілетінің жақсы қалыптасуына бірден-бір әсер ететін зат, ол – кітап. Қазір заманның ағымына байланысты біз қанша жерден техника тілін меңгергенімізбен бәрібір біздің рухани аштығымызды тойындырмайды. Сондықтан болашақта қазақ баласы қайтадан кітапты қолға алатыны ақиқат. Ал кітапхана рухтар мекені. Мұндағы әрбір кітапханашы сол рухтар мекенінің күзетшісі іспетті. Келіп жеткен төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын, ал осындағы кітапқұмар жандардың болашағы қашанда жарық екеніне сенемін, – деді «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Инаятқызы. Айта кету керек, «Book Dating» жобасы жастарды кітап оқуға ынталандырады. Жоба аясында қонақтар өздеріне әсер еткен кітаптар туралы оқырманмен ой бөліседі. Жобаның авторы – белгілі шоумен, актер, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенді мүшесі Әнуар Нұрпейсов. Салиқалы кеште оқушылар Шерхан Мұртазаға арналған өздерінің өлеңдерін және жазушының шығармасынан үзінділер оқып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Ал қонақтар өздерінің оқыған кітаптарын баяндап, кітап оқудағы тәжірибелерімен ой бөлісті. Кеш соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар таратылды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар