ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ҚАНДАЙ БОЛУЫ ТИІС?
Облыс судьялары Павлодар облыстық сотында сот жүйесі ғалымдарының «Жаңа Қазақстандағы сот жүйесі мен төрелігі: болашағы мен жағдайы» атты ІІ Халықаралық форумға онлайн қатысты.
Ауқымды іс-шара ҚР Жоғарғы Соты мен ҚР Судьялар одағы және ҚР Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды. Форум жұмысына онлайн форматта Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асанов пен Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Замирбек Базарбеков, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары, ҚР Судьялар одағының төрағасы Сәкен Абдолла, Сот төрелігі Академиясының ректоры Зәуре Баймолдина, облыстық сот төрағасы Ербол Ахметжанов, Қырғыз Республикасы Талас облыстық сотының төрағасы Алмазбек Әбілдаев, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өбекстан және Қырғызстанның ғалым-судьялары қатысты.
Форумда әлемнің түрлі елдерінің сот жүйелерін дамытудың заманауи үрдістері, сот төрелігінің ағымдағы және болашақ аспектілері талқыланып, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге облыстық сотта «Open day» форматында Қырғыз Республикасының жергілікті соттары мен Жамбыл облыстық соты арасында тәжірибе алмасу бойынша кездесу өтті.
Аталмыш кездесудің мақсаты – тәжірибе алмасып қана қоймай, сот төрелігін іске асыру саласындағы жобаларды ілгерілету мен іске асыруға өзара жәрдемдесу. Сондай-ақ сот ісін жүргізуді ұйымдастырудың үздік тәжірибелерін тарату, сот төрелігін іске асыру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, форум, семинарларды бірлесіп ұйымдастыру.
– Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру мәселесінде судьялар тарапынан сот жүйесіне қойылатын талаптар өте үлкен. Сол талаптарды орындау үшін алдымен соңғы бес жылдың ішінде кешенді түрде реформалар атқарылды. Ең алдымен реформаның бағыты, мақсаты – қоғамның, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру, сот жүйесіне деген сенімді қалыптастыру. Ол жұмысты жүзеге асыру үшін ең алдымен, әрине, заңнамалық жұмыстарды қалпына келтіру, яғни заңнамаларға өзгеріс енгізу қажет. Соңғы бес жылдың ішінде Жоғарғы Соттың жұмысымен 45 заңнама жобасы дайындалды. Ол жобалардың негізгі мақсаты –
соттың жұмысын оңтайландыру, соттың ашықтығын қамтамасыз ету және сотқа деген сенімді ұлғайту. Межелі уақытта атқарылған жұмыс нәтижесіз емес, – деді облыстық сот төрағасы Ербол Ахметжанов.
Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының делегациясы «Төрелік» ақпараттық-талдау жүйесімен және «Сот кабинеті» сервисі, істерді автоматты түрде бөлу, сот төрелігін іске асыру кезінде ақпараттық технологияларды пайдалану, сот істерін электронды түрде қараудың артықшылықтары, ақпараттық жүйелер арқылы қылмыстық, азаматтық істер бойынша электрондық құжаттармен, қылмыстық, азаматтық істерді қарау кезіндегі техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Осы күні ҚР Жамбыл облыстық соты мен Қырғыз Республикасының Талас облыстық соты арасында тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.
Форум қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.
Айжан ӨЗБЕКОВА
Келесі мақала
NEET жастармен жұмыс күшеймек
Ұқсас жаңалықтар
Заң
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024