Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді

Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді
ашық дереккөз
Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді
Қазақстан президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты іс бойынша сот отырысы президент сайлауынан кейін өтеді. Бұл туралы Жамбыл облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап. 28 қазанда Тараз қаласы №2 сотында сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену, ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген айыппен төрт азаматқа қатысты іс қаралуы қажет еді. Оның ішінде президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың ұлдары Марат Дайрабаев пен Дидар Молдағалиев бар. Екеуі де үйқамаққа алынған. Бастапқыда сот отырысы 20 қазанда өтеді деп хабарланды. Содан бері екі рет кейінге шегерілді. Бұл жолы соттың не себепті кейінге шегерілгені хабарланбады. Облыстық соттың хабарлауынша, сот отырысы 2022 жылдың 28 қарашасы сағат 10:30-да өтеді. Айта кетейік, Жигули Дайрабаев «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылған. Кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар