Онлайн өтінімдер саны артты
Биылғы сегіз айда Жамбыл облысында бала тууын тіркеу бойынша 9 724 және оның күтіміне жәрдемақы тағайындау бойынша 14 381 қызмет көрсетілді.
Сандарды салыстыратын болсақ, өткен жылы осы уақыт аралығында бала тууын тіркеу бойынша 12 944 құжат және жәрдемақы бойынша 16 609 өтінім қабылданған. Өңірдің стационарлы ХҚО-сында қызметтерді алу қажеттілігі 30 пайызға азайды, 2022 жылы онлайн өтінімдер саны 24 979 болды.
Көрсетілген қызметтер санының азаюы елдегі онлайн сервистің ілгері дамуымен тікелей байланысты.
Еске сала кетейік, енді халыққа қызмет көрсету орталығына барып, уақыт жоғалтпағаныңыз абзал. Еgov.kz, egov mobile, Кaspi және Нomebank қосымшалары, сондай-ақ 1414 арқылы проактивті түрде өзіңізге қажетті қызметке тапсырыс беруге болады.
Тағы бір айта кетерлігі, енді мемлекеттік қызметтерді SMS арқылы алуға болады. Әзірге қолжетімді қызметтер саны – 45, алда бұл көрсеткіш арта түседі. Жаңа сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.
Бұл жүйенің арқасында клиенттердің уақыты үнемделеді, сонымен қатар қызмет көрсету жылдамдығы едәуір артпақ.
Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтер тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында толық танысуға болады.
Шалхар Елемес, Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы