Қоғам
Депутаттар әйелдердің зейнетке шығу жасын бекітетін заң жобасын мақұлдады
- author AR-AY
- 26 қазан, 2022
- 164
Депутаттар әйелдердің зейнетке шығу жасын бекітетін заң жобасын мақұлдады
Депутаттар әйелдердің зейнетке шығу жасын заңмен бекітті. Биыл қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру туралы тапсырма берген еді.
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады.
Жолдауды іске асыру үшін депутаттар заң жобасына түзетулер енгізді.
Атап айтқанда, бала күтімі бойынша төлемдерді 1,5 жасқа дейін ұлғайту, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70% дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120% дейін дәйекті түрде жеткізу, әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекіту, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген деңгейге дейін ұлғайту қарастырылған.