Жаңалықтар
Президент сайлауы. Жигули Дайрабаев өзінің өңірлік үгіт-насихатын туған ауылынан бастады
- author AR-AY
- 25 қазан, 2022
- 199

Президент сайлауы. Жигули Дайрабаев өзінің өңірлік үгіт-насихатын туған ауылынан бастады
Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев өзінің өңірлік үгіт-насихатын туған ауылынан бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы"Ауыл" ХДПП баспасөз қызметі мәлімдеді. Кампания «Сен біздің ауылдан шықтың» акциясымен ашылды. Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Құлан ауданы Қарақыстақ ауылының ақсақалдарымен, тұрғындарымен, бала күнгі достарымен, сыныптастарымен кездесті. Олар кандидатқа аманат тапсырып, ақ жол тіледі. Жиында ауыл өмірі басты назарда болды. Ауылдықтар заманауи ауылдың қандай болуы керектігін айтты. Кандидат назарын тек өз ауылына емес, өңірлердегі барлық 6000 ауылдық елдімекенге көмектесу керектігіне аударды.Оңтүстіктегі ауылдардың жағдайы біршама жақсы, бірақ біршама ауылдар қаңырап қалды. Жастардың басым бөлігі жағдайдың, жұмыстың жоқтығынан, өмір сүру деңгейінің өте төмендігінен ауылдан кетуге мәжбүр болды. Ауыл мен ауыл шаруашылығы ажырамас ұғым. Бақуатты ауылсыз агроиндустияны дамыту, агроиндустриясыз қуатты Қазақстанды құру мүмкін емес. Осы мәселені қолға алу керек,- деді өз сөзінде Жигули Дайрабаев.

