Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері сайлаушылармен кездесті

Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері сайлаушылармен кездесті
ашық дереккөз
Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері сайлаушылармен кездесті
Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізді. Бұл туралы Arainfo Халықтық коалицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті. «Үгіт-насихат жұмысына бүкіл ел бойынша 7,5 мыңнан астам белсенді қатысып жатыр. Парақшаларды тарату, плакаттарды жапсыру сынды түрлі форматтағы жұмысты жалғастырамыз. Соның ішінде осындай экспромт-кездесулер де бар», - деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Нұржан Жетпісбаев. Алматыда сайлаушылармен экспромт-кездесу «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Халықтық коалицияның белсенділері парақшалар таратып қана қоймай, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар