Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады
ашық дереккөз
Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады
Қазақстандық кәсіпкер, Chocofamily Holding басшысы Рамиль Мухоряпов Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Әлеуметтік желілерде қазақ және орыс тілдерінде кешірім сұраған видео жарияланды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қайырлы күн, достар. Кеше видеоның бір бөлігін көрдіңіздер. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Мен ешкімді ренжіткім келмеді. Дұрыс айтасыздар, дәл қазір сіздерді мұқият тыңдаймын", - деп бастады сөзін Мухоряпов қазақ тілінде.
"Біріншіден, видеода ренжіткендердің барлығынан кешірім сұраймын. Мен видеоны қарап шықтым, шынымен де кейбір сөздерім дөрекі айтылыпты. Мен Қазақстан азаматымын, Алматыда туып-өстім. Осы жерде компания аштым. Қызметкерлеріміздің 99 пайызы қазақстандықтар, біз мұнда салық төлейміз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Компания ішінде барлық өнімдерге қазақ тілінде қолдау көрсетіледі. Кейбір өтінімдер қазақ тіліне аударылған, кейбіреулері аударылып жатыр, мен бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз деп үміттенемін. Ал өз басым тілді аздап түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Бұдан былай үйренүге тырысамын. Тағы да кешірім сұраймын", - деді Мухоряпов.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар