Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы құзіретінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат ретінде қысқаша мәлімет

Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы құзіретінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат ретінде қысқаша мәлімет
ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы құзіретінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат ретінде қысқаша мәлімет
Аталған қызметтерді атап айтар болсақ: 1) Тұрғын үй сертификатын беру (қағаз түрінде көрсетіледі); 2) Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру (қызмет автоматтандырылған е- лицензиялау порталы, электрондық үкмет порталымен толығымен біріктірілген); 3) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру (қызмет автоматтандырылған Казреестр порталы); Аз қамтылған азаматтарды кредиттік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік көмектің бір түрі «Тұрғын үй сертификаттарын беру». Аталған көмек кредитке тұрғын үй алу барысында алғашқы жарнаны қамтамасыз етуге арналған. 2021 жылы 27 наурыз күні Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 маусымда № 18883 болып тіркелді.) ережесі өзгерілді. Регламентте орын алған өзгеріске сәйкес, тұрғын үй сертификатының шекті соммасы 1 (бір )млн. теңгеден – 1,5 (бір жарым) млн. теңгеге өсті. Аталған қызмет түрі бойынша өтініш қабылдайтын Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатнастары бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы әкімші болып табылады. Жамбыл облысы көлемінде көп пәтерлі тұрғын үй құрылысын жеке қаражат есебінен бастап әрі қарай үлескерлердің ақшасын тарту арқылы, немесе толығымен үлескерлер есебінен құрылысын жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» ережесіне сәйкес болмаса заңсыз болып табылады. Осыған орай, нарықта салынып жатқан тұрғын үйлерге қаражат салмай тұрып, құрылыс салушының аталған ережеге сәйкес рұқсаты бар-жоғын анықтап алуды сұраймыз. Ақпарат ретінде: бүгінгі таңда Жамбыл облысында тиісті рұқсатты алуға өтініш жасаған құрылыс салушылар тіркелмеген. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар құрылыс салушылардың уәклетті компанияларында тұрғын үйге үлескер болып тіркелген үлескерлер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығымен бекітілген Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Шарттарды есепке алуды уәкілетті компанияның ұсынуы бойынша көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жердегі облыстың жергілікті атқарушы органы жүргізеді. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік қызметті облыстық жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (Толығырақ мәліметпен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады).
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар