Іс-шараға облыстағы отбасын қолдау орталықтарының БАҚ жұмысына жауапты мамандары қатысып, сауатты мәтін жазу, аудиториямен тиімді байланыс орнату, контент сапасын арттыру және парақшаны жүйелі жүргізу бойынша тәжірибе алмасты.
Семинарда «TARAZ24» телеарнасының директоры Зарина Қуаттегі әлеуметтік желідегі парақшаға ақпарат жазу мен аудиторияны тарту жолдары туралы тәжірибесімен бөлісті.
«Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Алмат Садуақас жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, уақытты жоспарлау және сапалы контент әзірлеу бағытында маңызды ақпарат ұсынды.
Ал облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз хатшысы Ғалия Абылай ақпаратқа өтімді тақырып қою, сауатты пост жазу және парақшаны дұрыс әрлеу тәсілдеріне тоқталды.
«Анаға тағзым» орталығының бөлім басшысы Қымбат Нұрманалиева медиа-жоспар құру, сапалы контент дайындау және есеп беру тетіктерінің маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, тәжірибе алмасты.
Бағжан ШАМШИЕВА,
«Анаға тағзым» орталығының
БАҚ және қоғаммен жұмыс
жөніндегі маманы




