Шараның негізгі мақсаты – ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, оқушылардың көркем оқу дағдыларын дамыту және қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілікті арттыру.
Кештің ашылуы Айша бибі орта мектебі оқушыларының орындауындағы «Өмір өрнегі» атты поэтикалық композициямен сәнді түрде басталды. Сонымен қатар, ақынның өмірі мен шығармашылық жолына арналған арнайы бейнеролик ұсынылды.

Іс-шара барысында кітапханашылар мен оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жырларындағы терең ой мен нәзік сезімді тыңдарманға жеткізе білді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, пікір алмасты. Кеш барысында дәстүрлі әндер орындалып, рухани атмосфера ерекше әсерге бөледі.
Шара соңында «Жырмен жазылған ғұмыр» атты кітап көрмесі таныстырылып, белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.



