Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЙЫППҰЛ ТЕКТЕН-ТЕК САЛЫНБАЙДЫ

АЙЫППҰЛ ТЕКТЕН-ТЕК САЛЫНБАЙДЫ
ашық дереккөз
АЙЫППҰЛ ТЕКТЕН-ТЕК САЛЫНБАЙДЫ
Газетіміздің биылғы 24 қыркүйектегі №38 санында тілші Қамар Қарасаеваның «Мектеп тексерістерден қашан көз ашады?» атты мақаласы жарияланған болатын. Осыған орай Т.Рысқұлов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан редакцияға жауап хат келді. Онда талаптар тізбесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою басты мақсат екені атап көрсетіліпті.

Редакциядан

Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аумақтық басқармаларының мамандары білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 маусымдағы №463 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 20 шілдедегі №285 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының негізінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тексеру парақтарының талаптарына сәйкес, тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша білім беру және тәрбиелеу объектілеріне тексерулер жүргізеді. Объектілердің басшылары мен персоналы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, білім беру және тәрбиелеу объектілерінің жекелеген санаттарына қатысты әзірленген Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтауы тиіс. Объектілердің басшылары мен персоналы өздерінің лауазымдық міндеттеріне және оларға жүктелген функцияларына сәйкес жауапты болады. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, білім беру объектілерінің барлық басшыларына не олардың уәкілетті тұлғаларына тексерулер жүргізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын Ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің басталғаны туралы жазбаша түрде хабарланады. Хабарламада тексерудің басталған күні және тексеру жүргізудің мәні көрсетіледі. Осылайша объект басшылары алдағы тексерулер туралы алдын ала таныс болады. Барлық тексерулер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сайтында орналастырылған Ерекше тәртіп бойынша тексерулер кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабына сәйкес, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін айыппұл түрінде ғана әкімшілік жаза көзделген. Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары білім беру қызметкерлерімен және халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Т.Рысқұлов ауданында жалпы білім беру ұйымдары білім бөліміне қарасты облыс бойынша «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында» ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесімен 2022 жылдың 2 жартыжылдығына жоспарланған «Ә.Бөкейханов атындағы орта мектебі 2022 жылы «Білім беру объектілеріне қатысты «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексеру парағының «99 талаптар тізбесі» бойынша тексеріліп, 1 айыппұл шаруашылық меңгерушісіне салынды. Ондағы талаптар тізбесі бойынша дене шынықтыру және спорт алаңдарының ойын және спорт жабдығы мектептің ашық алаңында қарастырылған, бірақ алаң ағаштардан, қоқыстардан тазартылмай санитариялық талапқа сәйкес еместігі анықталды. Мектеп әкімшілігі тарапынан білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мектепте болған уақытында ауызсуға еркін қолжетімділігі қамтамасыз етілмеген, мектеп ауласындағы су құбыры іске қосылған, бірақ биіктігі кемінде он сантиметр болатын шектеу сақинасының (фонтанчики) айналасына тазарту жұмыстары жүргізілмеген. Орталықтандырылған ыстық су жүйесі қондырғылары қол жуатын орындарда, дәретханада істен шыққан. Санитарлық торапта есік тұтқасын, қабырғаларды жууға арналған сыйымдылықтар және залалсыздандыру ерітіндісін даярлаған арнайы ыдысы таңбаланбаған, дәретхана тазалайтын қызметкерлер арнайы киім үлгілерімен қамтамасыз етілген, бірақ санитарлық торапқа арналғаны туралы белгі қойылмаған.

Самат ӨСКЕНБАЕВ, Т.Рысқұлов ауданының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар