Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сарбаздарға прокурорлық кеңес берілді

Сарбаздарға прокурорлық кеңес берілді
Автор
Кез келген қоғамның тыныштығы мен дамуы – ең әуелі «Заң мен тәртіп» қағидатының бұлжытпай орындалуына байланысты. Өйткені, заң – бүтіндей бір мемлекет қабылдаған әрі әрбір азамат орындауға міндетті ереже. Ал тәртіп – сол заңды мүлтіксіз орындаудың алғышарты. Сол себепті, барша халық заңды құрметтеп, өз іс-әрекетіне жауапты болуы тиіс, деп хабарлайды ҚАЖ-дың баспасөз қызметі

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде мерзімді әскери қызметшілермен «Сарбазға прокурорлық кеңес» атты кездесу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – сарбаздармен сұхбаттасу арқылы оларға әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтық сезімдерін қалыптастыру және жастарды Отан сүйгіштікке баулу.

Жиынға Оңтүстік аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Сәкен Ермекбаев және прокуратура органдарының ардагерлері Ерлан Сатыбалдиев, Маратбек Сагимбеков пен Кулумбет Абдикулов қатысты. 

Кездесу барысында ардагерлер кең байтақ қазақ даласын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю – әр азаматтың міндеті және борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарды жігерлендірді. Сондай-ақ олар сарбаздарды бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, елімізді әркез қорғауға дайын болуға шақырды. Өз кезегінде жас жауынгерлерде көкейлеріндегі сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар