Мемлекеттік тілдің сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлі ерекше
- author AR-AY
- Бүгін, 12:15
- 16
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша қазақ тілі – мемлекеттің мемлекеттік тілі және ол қоғамдық қатынастардың барлық саласында, соның ішінде сот жүйесінде де толыққанды қолданылуы тиіс.
Сот төрелігін жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілдің қолданылуы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі. Істерді мемлекеттік тілде қарау сот процесінің түсініктілігін арттырып, азаматтардың сотқа деген сенімін күшейтеді. Сонымен қатар, бұл сот билігінің ашықтығын қамтамасыз етіп, құқықтық мәдениеттің қалыптасуына ықпал етеді.
Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесі тек конституциялық талап қана емес, сонымен бірге құқық үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Сот құжаттарын, шешімдер мен процестік әрекеттерді мемлекеттік тілде жүргізу сот төрелігінің сапасын арттырып, ұлттық құқықтық кеңістіктің дамуына серпін береді.
Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік тілдің сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлі ерекше. Оның кеңінен қолданылуы сот билігінің беделін арттырып, қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарының нығаюына қызмет етеді.
Арайлым Досхожаева,
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық
экономикалық соты әкімшісінің жетекші маманы


