Жаңалықтар
Ұрпақ қамы үшін: Жамбылдық ардагер саяси науқаннан тыс қалмады
- author AR-AY
- Бүгін, 17:42
- 26
Тыл ардагері Дариха Яшева №5 Жамбыл атындағы мектеп-гимназияда орналасқан №35 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды arainfo.kz
90 жастағы кейуана ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық белсенділік танытты. Оның айтуынша, мұндай маңызды шаралар ел болашағы үшін ерекше мәнге ие.
– Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел азаматтарына алғыс айтамын. Ең бастысы – елімізде тыныш заман болсын. Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз еліміздің жас ұрпағы көрмесін, – деп Дариха Беркімбайқызы ақ батасын берді.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы 513 референдум учаскесі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.




