Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ербол Қарашөкеев референдумда өз таңдауын жасады

Ербол Қарашөкеев референдумда өз таңдауын жасады
Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды arainfo.kz

Өңір басшысы Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Ербол Қарашөкеев бұл күннің ел үшін айрықша мәні бар екенін атап өтіп, әрбір азаматты референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

– Өңір тұрғындарының белсенділігі мемлекеттің болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі болатынына сенімдімін, – деп атап өтті облыс әкімі.

Жамбыл облысында референдумның 513 учаскесі ашылды. Барлық учаскелер өз жұмысын 07:00-де бастады. 20:00-ге дейін ашық болады. Учаскелердің ең көп саны Тараз қаласында орналасқан – 154. Қордай ауданында – 58, Шу ауданында –44, Меркі ауданында – 41, Жуалы ауданында – 39 учаске бар.

Өңірде референдумға қатысуға барлығы 721 993 азамат құқылы.

Дауыс беруге қатысушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалып, үдерістің ашық әрі заңнама талаптарына сай ұйымдастырылуы қамтамасыз етілді. Комиссиялардың жұмысына бақылаушылар қатысып, дауыс беру рәсімінің заңдылығы мен ашықтығын қадағалауда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар