Жаңалықтар
Қазақстанда алғашқы өңірлік қонақжайлылық және туризм кластері іске қосылды
- author AR-AY
- 3 наурыз, 2026
- 105
Астанада Сервис және туризм колледжі базасында «Қонақжайлылық және туризм» бойынша өңірлік білім беру-өндірістік кластері ашылды, деп хабарлайды arainfo.kz
Кластер құрылымдаудағы мақсат - ерте кәсіптік бағдар беруден бастап мақсатты жұмысқа орналастыруға дейінгі үздіксіз кадр даярлау жүйесін қалыптастыру және білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы серіктестікті нығайту.
Жоба аясында мектепке дейінгі ұйымнан бастап мектеп, колледж, жоғары оқу орны және өндіріс арасындағы сабақтастыққа негізделген кешенді модель ұсынылады. Бұл тәсіл еңбек нарығының талаптарына сай, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған.
Өңірлік кластердің іске қосылуы -дуальды оқытуды дамытуға, білім мен өндіріс интеграциясын күшейтуге және саланың кадрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




