Қазақстанның туристік маусымы наурыз айында өтетін екі маңызды іс-шарамен ашылады
- author AR-AY
- Бүгін, 10:09
- 15
Бұл іс-шаралар өңірлердің мәдени және гастрономиялық байлығын таныстырып, ел тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орталыққа айналады.
Негізгі іс-шаралардың бірі – Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастыратын «Амал келді – жыл келді» мәдени мерекесі. Мереке дәстүр бойынша Наурыз мейрамынан бір күн бұрын Отпан тау киелі кешенінің аумағында өтеді. Іс-шара бірлік, сабақтастық және рухани жаңғыру құндылықтарын дәріптейді. Бағдарламада ұлттық ойындар, концерттік қойылымдар, қолөнер көрмелері, сондай-ақ киіз үйлерде дәстүрлі тағамдар ұсынылады. Мерекенің басты рәсімі – жаңа өмірлік кезеңнің басталуын және қоғамның топтасуын білдіретін бірлік отын жағу дәстүрі. Өтетін күні: 2026 жылғы 13 наурыз.
Сонымен қатар наурыз айында Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалада «Дастархан» гастрономиялық фестивалі өтеді. Фестиваль гастрономиялық туризмді дамытуға, жергілікті қоғамдық тамақтану орындарын қолдауға және өңірдің гастрономиялық өзіндік ерекшелігін насихаттауға бағытталған. Бағдарлама аясында тағамдардан дәм тату, аспаз шеберлерінің шеберлік сабағы, байқаулар мен мәдени-ойын-сауық іс-шаралары өткізіледі. Бұл бизнес өкілдері мен қала қонақтарының өзара байланысын нығайтатын ашық алаң қалыптастырады. Өтетін күні: 2026 жылғы 21 наурыз.
Айта кетейік, бұған дейін Туризм және спорт министрлігі 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесін дайындаған болатын. Онда ел бойынша 55 ірі іс-шара қамтылған. Күнтізбе мәдени, этномәдени, спорттық, гастрономиялық және экологиялық іс-шараларды қамтып, ішкі туризмді ынталандыруға, туристік маршруттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді насихаттауға бағытталған.




