Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдағы тіс емханалардың бірінен рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер табылды

Жамбылдағы тіс емханалардың бірінен рұқсат етілмеген дәрі-дәрмектер табылды
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы Сарысу ауданында тіркелмеген дәрілік заттарды сақтаған тіс емханасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тексеру барысында аудан аумағындағы стоматологиялық кабинеттердің бірінен Қазақстанда тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген шетелдік препарат табылған. Ереван қаласында өндірілген дәрі тері астына енгізуге арналған болған. Оны сатып алғанын растайтын құжаттар ұсынылмаған.

Аталған дерек бойынша «тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды сақтау» фактісімен әкімшілік іс қозғалды. Кәсіпкер сотта кінәсін мойындап, препараттарды жеке пайдалану үшін сатып алғанын түсіндірген.

Сот шешімімен емхана қызметі 10 тәулікке тоқтатылып, 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Заңсыз сақталған дәрілік заттар тәркіленді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар