Егер жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?
- author AR-AY
- Бүгін, 10:05
- 13
Жолаушылар үшін пойызға үлгермей қалу — жиі кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі.
Компания мәліметінше, ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгініп, туындаған жағдай туралы кассирге хабарлау қажет.
Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі бар. Ол үшін өтінішті билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелген сәттен бастап бір сағаттан кешіктірмей рәсімдеу керек.
Қайтару рәсімін жүргізу барысында жолаушы жеке куәлігі мен билетін ұсынуға тиіс. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, бос орын болған жағдайда келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады.
Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес айқындалады.
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы немесе вокзалдың анықтама қызметінен алуға болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға осындай жағдайлардың алдын алу үшін вокзалға ертерек келуді ұсынады.


