Ербол Қарашөкеев жамбылдықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
- author AR-AY
- Бүгін, 13:56
- 1
Өңір басшысы бұл мерекенің көктемнің жылуы мен шуақты сәулесін сездіріп, адамдарды жақындастыратын, жан жылуын арттыратын ерекше күн екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Алғыс айту күні – тарих тағылымын таразылап, өткенге тағзым ететін, бейбітшілік пен бірліктің, тәуелсіздік пен ел берекесінің қадірін терең ұғынуға үндейтін маңызды мереке.
Бүгінде еліміз татулық пен тұрақтылықтың арқасында қарқынды дамып келе жатқанын жеткізген облыс әкімі ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жамбылдықтарға алғыс айтты. Ол әрбір тұрғынның мемлекет пен өңірдің өркендеуіне қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
– Біздің басты құндылығымыз – келісім, басты тірегіміз – өзара сенім. Қоғамдық белсенділік танытып, қайырымдылық жасап, ел мүддесін бәрінен биік қоятын барша жамбылдықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ құттықтау барысында конституциялық реформалар мәселесіне де тоқталып, жаңа Конституция жобасы халық назарына ұсынылғанын айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституция жобасы әділдік, заң мен тәртіпке бағыну, табиғатты аялау және отаншылдық қағидаттарына негізделіп, ел дамуының берік тұғырына айналмақ.
Осыған орай, облыс әкімі тұрғындарды 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Құттықтау соңында Ербол Қарашөкеев барша жамбылдықтарға зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке мен толағай табыс тіледі.
Мереке құтты болсын!
Ұқсас жаңалықтар
Таразда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашпақ болған
- авторAR-AY
- 28 ақпан, 2026
Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
- авторAR-AY
- 28 ақпан, 2026


