Жаңалықтар
Президент Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
- author AR-AY
- Бүгін, 16:53
- 3
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды arainfo.kz
Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашпақ болған
- авторAR-AY
- 28 ақпан, 2026
Жаңалықтар
Таразда жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған LIVE-концерт өтті
- авторAR-AY
- 28 ақпан, 2026


