Бұл туралы Freedom Ticketon компаниясы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz
Испаниялық әлемге әйгілі әнші Enrique Iglesias Қазақстанда концерт береді.
Әзірге концерттің өтетін қаласы мен нақты күні жарияланған жоқ. Компания өкілдері әлеуметтік желідегі ресми парақшасында «Ауқымды ырғақ таяп қалды. Қазақстан» деп жазды.
Айта кетейік, бұған дейін жыл соңына дейін елде кемінде бес шетелдік әртістің концерті өтетіні хабарланған. Олардың қатарында Timbaland, Tyga және Nicole Scherzinger бар.


