Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

1000-нан астам сарбаздың 300 млн теңге несиесі кейінге шегерілді

1000-нан астам сарбаздың 300 млн теңге несиесі кейінге шегерілді
Ашық дереккөз
Бас әскери прокуратурасының араласуынан кейін мерзімді әскери қызметшілердің кредиттік міндеттемелерін өтеуді кейінге қалдыру құқығы қамтамасыз етті, деп хабарлайды arainfo.kz

Тексеру барысында мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасындағы ақпарат алмасудың жеткіліксіздігі салдарынан сарбаздарға төлемдерді шегеру рәсімі уақытылы жүргізілмегені анықталған.

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 1000-нан астам әскери қызметшінің құқығы қалпына келтіріліп, 300 млн теңгеден астам сомаға несиелердің төлем мерзімі кейінге шегерілді.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктер мен қаржы ұйымдарына әскери қызметшілердің құқықтарын сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Қадағалау жұмыстары жалғасуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар