Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Назарбаев Университеті түркі әлемінің үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді

Назарбаев Университеті түркі әлемінің үздік жоғары оқу орындарының қатарына енді
nu.edu.kz
Беделді халықаралық агенттік алғаш рет Орталық Еуразия университеттерінің рейтингін ұсынды, деп хабарлайды arainfo.kz сайты nu.edu.kz-ке сілтеме жасап.

122 жоғары оқу орны енген тізім Times Higher Education World University Rankings 2026 жылғы жаһандық бағалау нәтижелері негізінде түзілген.

Рейтингте Nazarbayev University төртінші орынға жайғасып, бұл сатыны Түркиядағы Boğaziçi Universityмен бөлісті. Университет Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап, тек Koç University, Middle East Technical University және Sabancı University секілді түркиялық жоғары оқу орындарынан кейін тұр.

NU президенті Вакар Ахмад бұл нәтижені университеттің өңірдегі жетекші ғылыми-білім беру орталығы ретіндегі орнының айқын дәлелі деп атады.

Рейтингке қазақстандық өзге университеттер де енді: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (40-орын), Satbayev University (51–60), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (61–70) және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (101+).

Сарапшылардың айтуынша, жалпы көрсеткіш бойынша түркиялық ЖОО-лар алда болғанымен, халықаралық ашықтық индикаторлары тұрғысынан қазақстандық университеттер жоғары нәтиже көрсеткен.

Пилоттық тізімге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше бес елдің университеттері енді. Алдағы уақытта қатысушылар саны артады деп күтілуде.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар