Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
pixabay
Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз бен қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазгидромет деректеріне сәйкес, 24–25 ақпан күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа температурасы күрт төмендейді.

Астана қаласында 24 ақпанда түнде ауа температурасы 31–33, күндіз 25–27 градус аязға дейін төмендейді. 25 ақпанда түнде 34–36 градус аяз күтіледі.

24 ақпанда Ақтөбе облысында түнде 23–28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін суытады. Қостанай облысында түнде 27–32, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін төмендейді. Солтүстік Қазақстан облысында түнгі температура 32–37 градус аязға дейін барады.

Ақмола облысында 24 ақпанда түнде 28–33, облыстың солтүстігінде 36 градус аязға дейін, күндіз 22–27 градус аязға дейін төмендейді. 25 ақпанда түнде 31–36 градус аяз күтіледі. Павлодар облысында 24 ақпанда түнде 30–35, күндіз 23–28 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 33–38 градус аязға дейін төмендейді.

Ұлытау облысында түнде 23–28, облыстың оңтүстігінде 18 градус аязға дейін суытады. Қарағанды облысында түнде 28–33, солтүстік-шығысында 36 градус аяз, оңтүстігінде 18–23 градус аязға дейін, күндіз 22–27, облыстың оңтүстігінде 15 градус аязға дейін төмендейді.

Абай облысында түнде 25–30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23–28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32–37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін төмендейді. Шығыс Қазақстан облысында 24 ақпанда түнде 25–30, облыстың оңтүстігінде 22 градус аязға дейін, күндіз 23–28, облыстың оңтүстігінде 20 градус аязға дейін, 25 ақпанда түнде 32–37, облыстың оңтүстігінде 25 градус аязға дейін, облыстың солтүстігі мен шығысында 40 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

Сонымен қатар бірқатар өңірлерде қолайсыз ауа райы болжанып отыр. Алматы қаласында 24 ақпанда кей уақытта тұман мен көктайғақ күтіледі. Шымкент қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, кей уақытта тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында 24 ақпанда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, кей уақытта қатты қар мен бұрқасын, күндіз солтүстік пен шығыста қар, бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар мен бұрқасын болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тауда кей жерде қатты жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Желдің күші 15–20 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел екпіні 18–23 м/с-қа дейін жетеді.

Жетісу облысының шығысында және таулы аудандарында тұман болады. Жел екпіні кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, шығысында және таулы аудандарында көктайғақ пен тұман күтіледі. Желдің күші 15–20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15–20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында және орталығында тұман мен көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында түнде аздаған қар мен жаяу бұрқасын болжанып отыр. Ұлытау облысында желдің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының нашарлауына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар