Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда Facebook-тегі жазбаларды жою үшін қорқытып ақша талап еткен үш адам сотталды

Таразда Facebook-тегі жазбаларды жою үшін қорқытып ақша талап еткен үш адам сотталды
polisia.kz
Сот материалдарына сәйкес, сотталушылар ғимараттағы кемшіліктер туралы жарияланымды жою үшін жәбірленушіден 2,5 млн теңге талап етіп, қосымша шарттар қойған, деп хабарлайды arainfo.kz

Тараз қаласында әлеуметтік желідегі жазбаны өшіру үшін спорт кешенінің директорын қорқытып, бопсалаған үш адамға сот үкімі шықты.

Сот материалдарына сәйкес, сотталушылар ғимараттағы кемшіліктер туралы жарияланымды жою үшін жәбірленушіден 2,5 млн теңге талап етіп, қосымша шарттар қойған. Олар сондай-ақ белгілі қызметкерлерді жұмыстан шығаруды сұрап, болашақта мұндай ақпарат таралмауын қамтамасыз етуге тырысқан. Жәбірленуші ақшаны төлеп, екі жылдық абонементті ұсынған.

Прокурор сотталушыларға 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сотталушылардың ішінде Ж. және К. кінәсін мойындамай, ақтауды талап етсе, А. кінәсін толық мойындаған және жеңілдетілген жаза сұраған.

Сот шешімімен:

Ж. – 3 жылға бас бостандығынан айыру;

А. және К. – 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі сотталушылардың соттылығы жоқтығы, кәмелетке толмаған балаларының болуы және кінәсін мойындауы жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылған. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар