Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент Astana Team жас хоккейшілерін тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Astana Team жас хоккейшілерін тарихи жеңісімен құттықтады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық Astana Team балалар хоккей командасын Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріндегі тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Мемлекет басшысы бұл сенсациялық жетістік отандық спорттағы айтулы оқиға екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, қазақстандық жас спортшылар жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген мықты жігерін көрсете білді.

Ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалық команданы тізе бүктірген өрендердің табандылығы ерекше құрметке лайық екені айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жас хоккейшілерге алдағы уақытта да тыңғылықты жаттығып, шеберліктерін шыңдап, бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

Бұл жеңіс қазақстандық балалар хоккейінің әлеуеті жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар