Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түркиядан сериялық алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды

Түркиядан сериялық алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды
pexels
Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 95 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен Түркияның Анталья қаласынан аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын елге экстрадициялады.

Тергеу мәліметінше, 2019–2020 жылдары күдікті алдау жолымен Шымкент қаласының төрт тұрғынының ақшалай қаражаты мен жер учаскелерін иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 95 миллион теңгені құрайды.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жауапкершіліктен жалтару мақсатында бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Кейін ол Түркия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы негізінде Қазақстанға қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған баптар бойынша оған мүлкін тәркілеу және 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар