Милан–Кортина–2026: төртжылдықтың қысқы додасы мәресіне жетті
- author AR-AY
- Бүгін, 09:25
- 14
Салтанатты шара екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена ди Верона амфитеатрында өтті. Биыл қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет жабылу рәсімі көне амфитеатрда ұйымдастырылды.
«Beauty in Action» («Қозғалыстағы сұлулық») тұжырымдамасына құрылған шоу спорт, өнер және табиғат үйлесімін көрсетті. Сахнада Альпі аймақтары мен Италия қалаларын байланыстыратын символдық құрылым қолданылды. Рәсімге 800-ден астам әртіс қатысып, көпдеңгейлі LED-сахна мен опера стиліндегі костюмдер ұсынылды.

Спортшылар шеруінде Қазақстан туын Олимпиада чемпионы атанған мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровалып шықты. Мәдени бағдарламада италиялық өнер жұлдыздары өнер көрсетті.
Дәстүр бойынша Олимпиада туы келесі ойындарды қабылдайтын Франция өкілдеріне табысталды. Кейін композитор Людовико Эйнауди әуенімен 2026 жылғы Олимпиада алауы сөндірілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл Олимпиадада 36 спортшымен қатысып, бір алтын медальмен жалпы есепте 19-орын алды.


