Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Вашингтон штатында Рамазан айына ресми мәртебе берілді

Вашингтон штатында Рамазан  айына ресми мәртебе берілді
Анадолы
АҚШ-тың Вашингтон штатында қасиетті Рамазан айы ресми түрде мойындалды, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұл туралы Anadolu Agency мәлімдеді.

Штат губернаторы Bob Ferguson әлеуметтік желідегі жазбасында мұсылман қауымының қоғам өміріндегі рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, мұсылмандар білім беру, денсаулық сақтау, экономика және азаматтық қоғамды дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді.

Губернатор Рамазан айының рухани маңызына тоқталып, бұл кезеңнің ораза, құлшылық және қайырымдылық арқылы жомарттық пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптейтінін жеткізді.

Сондай-ақ 2026 жылғы 18 ақпан мен 19 наурыз аралығы ресми түрде Рамазан айы деп жарияланды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар