Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Кездесу барысында баспана және жұмыспен қамту, жаңа білім беру нысанын салу, апатты көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіру, тұрғын үйдің техникалық жай-күйі мен коммуналдық мәселелер, сондай-ақ жеке сипаттағы ұсыныс-пікірлер көтерілді.
Ербол Қарашөкеев тұрғындардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысында жауапты тұлғаларға көтерілген түйткілдерді жан-жақты зерделеп, кезек күттірмейтін өтініш-тілектер бойынша тиісті шешімдер қабылдау тапсырылды.
Келесі мақала


