Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті матчта ұтты, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Instagram парақшасында 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті матчта ұтқанын хабарлады.
«Жеңіске жету әрдайым қуантады. Әсіресе бұл жеңіс 2027 жылы Вайсенхауста өтетін фристайл-шахматтан келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік берсе. Керемет турнир үшін рақмет! Келесі жылы қайта оралуды асыға күтемін», – деп жазды шахматшы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бибисара Асаубаева 2025 жылғы блиц шахматтан әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль жеңіп алған болатын. Жеңістен кейін шахматшыны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған еді.



