Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылдық дәрігерлер баланың өмірін тікұшақпен жетіп сақтап қалды

Жамбылдық дәрігерлер баланың өмірін тікұшақпен жетіп сақтап қалды
видеодан скрин
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол-көлік оқиғасы 2019 жылы туған баланы өлім аузында қалдырды, деп хабарлайды arainfo.kz

Уақытты жоғалтуға мүмкіндік болмады. Санитарлық авиация тікұшағы дереу әуеге көтеріліп, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері оқиға орнына жетті.

Нейрохирург Мирдас Мурадов пен анестезиолог-реаниматолог Бахтияр Баялиев аудандық аурухана деңгейінде өмір сақтайтын аса күрделі декомпрессионды трепанация операциясын сәтті орындады. Бұл ота науқастың өміріне тікелей қауіп төнген жағдайда ғана жасалады және дәрігерлер үшін ең жауапты, қиын шешімдердің бірі саналады.

Баланың жағдайы тұрақталған соң, дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша санитарлық авиация арқылы Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Тікұшақта науқас реаниматолог-дәрігер Ербол Алимкулов пен фельдшердің қатаң бақылауында болды.

Қазіргі таңда балаға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде. Бұл оқиға – ақ халатты абзал жандардың адам өмірін бәрінен биік қоятын шынайы ерлігі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар