Жаңалықтар
№59 мекемесі мен Ұлттық ұлан сарбаздары бірлескен іс-шара өткізді
- author AR-AY
- Бүгін, 12:28
- 1
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінің режим бөлімі бастығы әділет подполковнигі Ринат Ақышевтың қатысуымен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің жас сарбаздарына жеке қаруларын бекіту бойынша жоспарлы іс-шара өткізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Іс-шара барысында жас сарбаздарға жеке қаруды қабылдау, сақтау және пайдалану тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіздік талаптары қатаң ескертілді. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің тәртіп деңгейін арттыруға және кәсіби даярлығын нығайтуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, №59 мекемесі мен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімі қашанда өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді. Мұндай бірлескен іс-шаралар әскери тәртіпті нығайтуға және жеке құрамның жауынгерлік даярлығын арттыруға оң әсерін тигізіп, алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.


