Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент: Аймақтардағы бюджеттік жоспарлауды сапалы жүргізуге баса мән беру қажет

Президент: Аймақтардағы бюджеттік жоспарлауды сапалы жүргізуге баса мән беру қажет
Ақорда
Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы аймақтардағы бюджеттік жоспарлауды сапалы жүргізуге ерекше мән беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды arainfo.kz

Соңғы жылдары аймақтардың кіріс қоры артқанымен, кейбір салық пен төлем түрлері республикалық деңгейден аймаққа берілген. Соның салдарынан жергілікті бюджетке қосымша шығындар жиілеп, бюджетаралық қатынастардың қисыны бұзылып, шешімдерге сенімділік азайған.

Президент жергілікті атқарушы органдарға берілетін қаржы ресурстары мен міндеттемелердің бір-біріне сәйкес болуын, жаңа Бюджет кодексінің нормалары өңірлерде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қолданыстағы құралдар тиімсіз болса, оны түзету қажет. Жаңа ережелер өңірлердің қаржылық дербестігіне кедергі келтірмеуі, керісінше кіріс көздерін көбейтуге ықпал етуі тиіс.

Үкіметке аймақтардың қаржылық орнықтылығын нығайту шараларын қабылдау міндеттелді. Мемлекет басшысы бұл жұмысты стратегиялық маңызды деп бағалап, барлық деңгейдегі басқарудың жауапкершілігін арттыруға шақырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар